«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

0
759

Былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.


«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

ERNUR.KZ. «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.