Диляра Аленова Премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

0
502

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.


Диляра Аленова Премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, Премьер-министрдің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.