Димаш Құдайберген тыңдармандарын ағылшын тілін үйренуге шақырды.
фото: интернеттен алынды
Димаш Құдайберген тыңдармандарын ағылшын тілін үйренуге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.kz zakon.kz – ке сілтеме жасап.
"Ағылшын тілі қазіргі таңда маңызы зор тіл деп айтуға толық негіз бар. Өз басым қазір шетелде концерттерде іссапармен көп жүретіндіктен, ағылшын тілін шыңдау үстіндемін. Өйткені шет мемлекеттердегі тыңдармандарымның құлақ құрышын қандыру барысында ағылшын тіліндегі әндерді орындаймын. Әрқайсымыздың өмірімізде ағылшын тілінің алатын орны зор деп білемін, сол себептен баршаңыз ағылшын тілін жүйелі түрде дамытуға кірісіңіздер", – деді Димаш.
Айта кетейік, Димаш қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.