Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында аңызға айналған әртістер мен топтар өнер көрсеткен.
Фото: Astana city pass
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында алғаш рет ТМД елінің өнерпазы жеке концертін өткізеді, деп жазады inbusiness.kz.
Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.
"2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында аңызға айналған әртістер мен топтар өнер көрсеткен. Олар: Элвис Пресли, Майкл Джексон, Элтон Джон, Мадонна, Бейонсе, Джастин Тимберлейк, Леди Гага, Тейлор Свифт, The Rolling Stones, Led Zeppelin, U2, Queen, Мetallica, KISS және басқа да көптеген әлем жұлдыздары.