Ведомство басшысы апат болған аймақта бірнеше адамның байланысқа шықпай қалғанын айтты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады, деп жазады baq.kz.
Ведомство басшысы апат болған аймақта бірнеше адамның байланысқа шықпай қалғанын айтты.
"Бірнеше адаммен байланысқа шығу мүмкін болмай тұр, олар дін-аман деп сенеміз, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қорғаныс министрі.
Бұған дейін министр апат салдарынан қанша жарылыстың болғандығын айтқан еді. Өрт сөндірушілердің жұмылдырған күшіне қарамастан өрт басталған соң бір сағат өткенде жарылыс болған.
Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймалардың бірінде өрт шыққан болатын.