Діни алауыздықты қоздырған 12 қазақстандық сотталды

0
246

Сотталғандар Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеген.


Діни алауыздықты қоздырған 12 қазақстандық сотталды

фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова

ERNUR.KZ. 27 мамырда діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық бойынша сот үкімі заңды күшіне енді, деп жазады sputnik.kz.
"Жүргізілген тергеу барысында сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды", - делінген комитет хабарламасында.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен олар 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін сотты болған.