Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Дінмұхамед Қонаев музейі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
"Д.А. Қонаев музей ұжымы Дінмұхамед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды! Туыс -туғандарына қаймыға көңіл айтамыз", - деп жазды музей ұжымы.