Доллар арзандаған соң азық-түлік бағасы түсе ме - қаржы министрі жауап берді

0
494

Бұған дейін доллар көтерілгеннен кейін азық-түлік, әсіресе, импорттық тауарлар қымбаттаған.


Доллар арзандаған соң азық-түлік бағасы түсе ме - қаржы министрі жауап берді

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев доллардың бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандайтынын болжады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін доллар көтерілгеннен кейін азық-түлік, әсіресе, импорттық тауарлар қымбаттаған. Соңғы кезде шетелдік валюта арзандады.
"Азық-түлік бағасы төмендейді деп ойлаймын. Себебі доллардың бағамы өскенде импортталатын тауарлар қымбаттайды. Енді, керісінше, біртіндеп арзандайды деп отырмыз", - деді Жамаубаев сенаттан өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, биыл жалпы инфляцияның деңгейі төмендейді.
"Осы айларда инфляция шарықтау шегіне жетті, 20 проценттен асып кетті. Біздіңше, 2-3 айдан кейін төмендейді. Қазірдің өзінде біз нақтыланған бюджетте инфляцияның деңгейін 7,5-9,5 процент деп көрсеттік. Сол бойынша жұмыс істейтін боламыз. Жалпы бағаның төмендеуін болжап отырмыз", - деп атап көрсетті Жамаубаев.