Сол жерде ыңғайлық әрі дұрыс паркинг жасау қарастырылады.
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Алматыда көпдеңгейлі паркингтерді дамыту жоспарлары туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.
"Мен Самал-2 шағынауданында тұрамын. Снегин көшесінде 15 жылдан аса уақыт бойы көп деңгейлі паркинг қараусыз қалды. Оны әртүрлі асоциалды элементтер, қаңғыбас иттер паналап жүр. Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудырады. Үлкен өтініш, оны бұзыңыздар немесе басқа мәселені қарастырыңыздар", - деп сұрақ қойды Медеу ауданы тұрғыны.
"Біз бұл мәселені шешу жолдарын қарастырудамыз. Естеріңізде болса, мен қалада көп деңгейлі паркингтерді дамыту бойынша тапсырма берген болатынмын. Мәселе объектіні сатып алу ме оның бағасына қатысты. Биыл бізде қаржылық мүмкіндіктер болмайды, бірақ 2024 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мен тұрғындарға ыңғайлы болу үшін оларды көпдеңгейлі паркингтерге айналдыру үшін сатып алуға немесе құрылысты аяқтауға болатын барлық орындарды қарауға тиісті тапсырма бердім. Самал бойынша тапсырма беремін: бұл жоба қаншаға бағаланатынын көрейік. Сол жерде ыңғайлық әрі дұрыс паркинг жасау қарастырылады. Сіз дұрыс байқағансыз, ескі көпдеңгейлі паркинг бұрыннан тұр. Біз оны жасай аламыз ба әлде бұзу керек пе. Қарастырамыз", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.