"Дропперлер" деп аталатындар үшін қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілді.
ERNUR.KZ. Алматыда тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға берген жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп жазады baq.kz.
Тергеу барысында осы деректер арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адам ақша аударымдарын жасағаны анықталды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстанда заңсыз транзакциялар үшін банктік деректемелерін берген жеке адам алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалған қаржылық алаяқтық тізбегін тиімдірек тоқтатуға мүмкіндік береді, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.
Алматы полициясы азаматтарға өздерінің банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға беруге болмайтынын ескертті. Мұндай әрекеттер шот иесінің пайда көрмегеніне қарамастан, қылмысқа қатысу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Айта кетейік, "дропперлер" деп аталатындар үшін қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілді. Жаңа норма (ҚР ҚК-нің 232-1-бабы) алаяқтарға ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе басқа шоттарға аударуға көмектесетін қаржылық делдалдармен күресуге бағытталған.


