Бұған дейін ересектер мен балаларды, жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеу бойынша бірыңғай хаттама болды.
ERNUR.KZ. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы, медицина ғылымының докторы Риза Боранбаева балаларды коронавирустан емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленгенін хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Хаттама жақында әзірленді. Бұған дейін ересектерді, балаларды және жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеу бойынша Қазақстанда бірыңғай хаттама болды. Біз соңғы екі аптада жеке хаттама даярлаумен айналыстық», - деді Р. Боранбаева.
Еске сала кетейік, пандемия басталғалы бері Қазақстанда шамамен, 2,5 мың бала коронавирус жұқтырған, оның ішінде 111-і – жаңа туған сәбилер.