ДСМ басшысы алматылық мектепте қызылшаның өршу себебін атады

0
462

Мектеп оқушылары демалыста болған кезде көрсеткіштер төмендеген, бірақ оқу жылы басталғанда жағдай тағы да ушыға түскен.


ДСМ басшысы алматылық мектепте қызылшаның өршу себебін атады

ERNUR.KZ. Алматыда қызылша өршіген мектепте бала тым көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, биыл қызылша ауруы көбейген. Мектеп оқушылары демалыста болған кезде көрсеткіштер төмендеген, бірақ оқу жылы басталғанда жағдай тағы да ушыға түскен. Әсіресе бір уақытта көп бала сабақ оқитын жерде.

"Осы жағдайға келсек (Алматыдағы - еск.), бұл мектепте бала саны көп. Ол жерде мектеп басшылары эпидемиологтармен бірлесіп аурудың алдын алу шараларын қабылдады (келісілді - еск.), балаларды инкубациялық кезеңге, 21 күндік бақылауға, қашықтан оқуға жіберу", - деді Ғиният ОҚК-да өткен брифингте.

Еске сала кетейік, Алматыдағы №172 мектептің бастауыш сынып оқушылары қызылшаға байланысты бір айға жуық уақытқа қашықтан оқуға жіберілгені белгілі болған еді.