ДСМ елімізде "үнді" штамына тән жағдайды анықталды

0
432

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «Үнді» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.


ДСМ елімізде

Денсаулық сақтау министрлігі айналымда «үнділік» штамның болу ықтималдылығын анықтады. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерге ПТР-скрининг жасалып, нәтижесінде «Дельта» штамына («үнді» штамы) тән мутацияға күдікті жағдай анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

«Дельта» штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Сонымен қатар індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «Үнді» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Инфекциядан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден бір жолы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу.

«КВИ-ге қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір азаматқа қысқа мерзімде вакциналануға кеңес береміз. Сондай-ақ вирус таралуының алдын алу мақсатында барлық профилактикалық шараларды қатаң орындау қажет: маска тағу, әлеуметік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету, т.б.», - делінген хабарламада.

ДДСҰ-ның 20 маусымдағы мәліметі бойынша «Дельта» штамы әлемнің 174 елінде анықталған.