Тағы отыз адам аман-есен эвакуацияланған.
ERNUR.KZ. Алматыда тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкен өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Таңертең Наурызбай ауданында С.Жүнісов көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенді.
ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шыққан.