Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланып отыр. Ұсталғандармен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Елорданың полиция департаменті Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлын пышақтап кеткенін растады. Жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"10 қараша күні сағат 22:56-да "102"-ге Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінде жаппай төбелестің басталғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері жас жігіттердің арасында жанжалдың туындағанын, оны арты төбелеске ұласқанын анықтады", - дейді полицейлер.
Төбелес кезінде екі адам жарақат алды. Біреуі қоғам белсендісі болған Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы – Жанболат Ағаділ болып шықты. Оны пышақтар кеткен. Жас жігіт жедел жәрдем келгенше алған жарақатынан көз жұмды.