Дүниежүзілік банк қазақстандық әйелдердің жағдайын бағалады

0
495

Құжатта 190 елдегі әйелдердің жағдайын 10 көрсеткіш бойынша бағалайтын индекс бар.


Дүниежүзілік банк қазақстандық әйелдердің жағдайын бағалады

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік банк 190 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы әйелдердің жағдайын сегіз индикатор бойынша бағалады. Онда қозғалыс еркіндігі, жұмысқа орналасу, жалақы, неке, ата-ана болу, кәсіпкерлік, мүлікті басқару және зейнетақы сынды көрсеткіштер болды, деп жазады stan.kz.

Дүниежүзілік банктің есебінше, Қазақстан 100-ден 75,6 ұпай жинаған.

Құжатта 190 елдегі әйелдердің жағдайын 10 көрсеткіш бойынша бағалайтын индекс бар – "қауіпсіздік", "қозғалыс еркіндігі", "жұмыспен қамту", "жалақы", "неке", "ата-ана болу", "бала күтімі", " кәсіпкерлік", "мүлікті басқару" және "зейнетақымен қамтамасыз ету".

WBL 2.0 "құқықтық база" индексі бойынша Қазақстан 70,0 ұпай жинады, бұл әлемдік деңгей бойынша орташадан жоғары (64,2).

WBL 2.0 сәйкес "қолдау шеңбері" – 62,5 , бұл да орташадан жоғары (39,5).

WBL 2.0 деректері бойынша "сарапшы қорытындысы" 76,3 ұпай, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (65,7) жоғары.