Америкалық әншінің Астанадағы концерті 1 тамызда өтеді.
фото: Акимат Астаны
ERNUR.KZ. Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді, деп жазады sputnik.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі видео жариялап, астаналықтар әлемдік жұлдызды қалай күтіп алғанын көрсетті.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді. Сәтті өнер көрсетіп, Астанадағы уақытын жайлы өткізуін тілейміз!", - деп жазылған әуежай хабарламасында.
Америкалық әншінің Астанадағы концерті 1 тамызда өтеді. Шоу өтетін стадионның айналасындағы көшелер жабылады. Елорда билігі Астананың әртүрлі нүктесінен маршруттық автобустарды іске қосады.