ЕАЭО мен Моңғолия желтоқсан айында еркін сауда туралы уақытша келісімге қол қояды

0
348

Сонымен қатар мемлекеттер Ресей-Моңғолия-Қытай экономикалық дәлізін құратын жобаларды да келісіп жатыр.


ЕАЭО мен Моңғолия желтоқсан айында еркін сауда туралы уақытша келісімге қол қояды

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Моңғолия желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы уақытша келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы РФ табиғи ресурстар министрі және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Александр Козлов хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Моңғолдардың дәстүрлі экспорт тауарларының Ресей нарығына шығуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ЕАЭО мен Моңғолия арасында уақытша еркін сауда туралы келісімге қол қою мәселесі пысықталды. Келісімге желтоқсан айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қол қоюды жоспарлап отырмыз", - деді Александр Козлов.
Сонымен қатар министр елдер Ресей-Моңғолия-Қытай экономикалық дәлізін құруға мүмкіндік беретін жобаларды үйлестіріп жатқанын хабарлады.
"Қысқасы, бұл үш ел арасындағы порттар мен темір жолдардың байланысы", - деп түсіндірді Козлов.
Ұлан-Батырда өткен кездесулерде тараптар жер қойнауын пайдалану, энергетика, логистика, білім, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастықты да талқылады. Келіссөздер нәтижесінде делегациялар Ресей-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысын күзде Мәскеуде өткізу туралы келісімге келді.
Шілденің басында Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Ресей Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Моңғолия арасында еркін сауда аймағы туралы уақытша келісім жыл соңына дейін жасалады деп күтетінін айтқан. Оның айтуынша, ЕСК туралы уақытша келісім үш жылға есептелген және ет, былғары, жүн, кашемир сияқты тауарлардың шектеулі санына әсер етеді.