Кез-келген зиянкестерге қарсы дәрі алғанда қолдану ережесімен танысып шығу керек.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті дүкендер мен тұрмыстық химия сататын сөрелерді тексеріп, адам денсаулығына зиянды "Палач" улы затын тәркілеуге кірісті, деп жазады ktk.kz.
"67 жастағы Светлана Баленко 18 күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Оны дәрігерлер жасанды демалу аппаратына таңып, қолдан келген медициналық көмектің бәрін жасапты. Алайда тыныс алу жүйесіне зақым келген науқастың беті бері қарамады. Ал оның 32 жастағы ұлы осыдан бір апта бұрын көз жұмған еді. Екеуі де «Палач» деп аталатын тарақанға қарсы дәріден уланған. Аталмыш оқидан кейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті дүкендер мен тұрмыстық химия сататын сөрелерді тексеріп, адам денсаулығына зиянды "Палач" улы затын тәркілеуге кірісіпті", - дейді телеарна тілшісі.
"Қала тұрғындарына, тұрмыстық химия заттарының барлығы да екінші, үшінші дәрежедегі қауіпті заттарға жататынын ескерткім келеді. Сондықтан кез келген зиянкестерге қарсы дәрі алғанда қолдану ережесімен танысып шығыңыз" - дейді Алматы қалалық қоғамдық басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.
Сондай-ақ тауарды сатып алмас бұрын оның денсаулыққа қауіпсіз әрі мемлекеттік тіркеуден өткенініне көз жеткізген абзал.