Екі жерде жұмыс істегендер 42500 теңгені қалай ала алады? Мамандар жауап берді

0
955

Азамат өтінімді жіберген кезде, жүйе оны арнайы база бойынша тексереді де, оның екі не одан да көп ұйымдардан түскен табысы бар екенін бірден көреді.


Екі жерде жұмыс істегендер 42500 теңгені қалай ала алады? Мамандар жауап берді

ERNUR.KZ. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мамандары азаматтарға екі не одан да көп табыс көздерінің болуына байланысты 42500 теңге төлеуден бас тартқан жағдайда қайда және қандай құжаттар жинау керегі туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

"Азамат өтінімді жіберген кезде, жүйе оны арнайы база бойынша тексереді де, оның екі не одан да көп ұйымдардан түскен табысы бар екенін бірден көреді. Белгіленген ереже бойынша мұндай азаматтарға жүйе автоматты түрде әлеуметтік төлем төлеуден бас тартады. Егер азамат қос жұмыс орнынан да төленбейтін еңбек демалысына шығып, табысынан айрылған болса, ол мемлекеттік көмек ала алады. Осындай жағдайға тап болған адамға екі жұмыс орнынан да анықтама алып, оларды тіркеп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жазу керегін айтамыз", - дейді орталық маманы Жанболат Данияров.

2020 жылғы 24 сәуір күнгі жағдай бойынша 42500.enbek.kz сайтына шамамен 232 мың өтініш түскен. Оның ішінде 23 сәуірде қазақстандықтар 25 мыңнан астам өтініш жолдаған. Бүгінде 20 мыңнан астам өтініш берушіге жауап берілді.

Бұған дейін Қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков 42500 теңгеге берген өтініштері қабылданбаған азаматтарға қалай шағымдану керектігін рет-ретімен түсіндіріп берген болатын.