Екі жыл бұрын Алматыға кетіп жоғалып кеткен қазақстандық тірі табылды

0
462

1999 жылы туған Бабакин Николай жұмыс істеу үшін Алматыға кеткен.


Екі жыл бұрын Алматыға кетіп жоғалып кеткен қазақстандық тірі табылды

ERNUR.KZ. Екі жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Шу қаласының тұрғыны тірі табылды, деп жазады stan.kz.

1999 жылы туған Бабакин Николай жұмыс істеу үшін Алматыға кеткен. Бірақ 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бері байланысты шықпаған. Жігітке іздеу жарияланғанымен, табылмаған.

Lider.kz еріктілері 2 жыл уақыт өткен соң Николайдың табылғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Семейде 2015 жылы туылған кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалған.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Үстіндегі киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.