Екібастұзда ер адам көлігімен бірге Тұз көліне батып кете жаздады

0
301

ТЖМ құтқарушылары жүргізушіге көмек көрсетті.


Екібастұзда ер адам көлігімен бірге Тұз көліне батып кете жаздады

ERNUR.KZ. Екібастұзда ер адам көлігімен бірге көлге түсіп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға бүгін Екібастұз-Майқайың автожолында болған. 1985 жылы туған жүргізуші дөңгелегі жарылып, салдарынан рульге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, Тұз көліне түсіп кеткен.

«Көлікте жалғыз болған ер адам салоннан көліктің төбесіне өздігінен шықты. Осыны көрген куәгерлер 112 нөміріне қоңырау шалып, болған жайтты хабарлады.
Кәсіби құтқарушылар зардар шегушіні жағаға эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. Сондай-ақ, көлік құралын да судан сүйреп алып шықты», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.