Екібастұзда тағы бір ер адам жоғалып кетті

0
546

Алексей Рыков 15 қазан күні үйінен шығып кеткен.


Екібастұзда тағы бір ер адам жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Екібастұзда тағы бір ер адам жоғалып кетті. Алексей Рыков 15 қазан күні үйінен шығып кетіп, содан оралмаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.



«1978 жылы туған Алексей Рыков 15 қазан күні таңертең сағат сегізде үйінен шығып кеткен. Бойы - 170-175 см. Көзі қоңыр. Қызыл спорттық костюм мен басына сұр кепка, қара кроссовки киген. Өзімен бірге телефоны болған», - дейді басқармада.

Тәртіп сақшылары ер адамның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, 102, 8(7187)75-06-06 нөмірі бойынша кезекшілік бөлімге немесе 75-05-45,75-05-54,75-05-99 нөмірі бойынша криминалдық полицияға хабарласуды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, желі қолданушылары осыдан үш апта бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Денис Покотиленконы Ақсу мен Павлодарда, Баянауылда көргені жайлы жазған еді.