Кәріз құбырларын тазарту кезінде кран мұнарасы электр сымына тиіп кеткен.
ERNUR.KZ. 27 шілдеде Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп – Пішембаев көшелерінің қиылысында қайғылы оқиға орын алды, деп жазады Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кәріз құбырларын тазарту кезінде кран мұнарасы электр сымына тиіп кеткен.
Салдарынан соққан электр тогынан сол арада жұмыс істеп жатқан ЖШС-лардың бірінің қызметкері қаза тапты. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Орын алған қайғылы жағдайға қатысты өзге ақпараттар берілмеген.