Қазір қаладағы барлық медициналық ұйым бақылауда.
Жексенбіден бері жылуға жарымай отырған Екібастұздың перзентханасынан жүкті әйелдер шұғыл түрде Павлодарға жіберіліп жатыр. Көшірілгендер арасында ауыр науқастар да бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазір қаладағы барлық медициналық ұйым бақылауда. Ауруханадағы жылу да қалпына келтірілген. Ондағы науқастардың жағдайын әр екі-үш сағат сайын бақылап отырмыз, дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
"Тиісті жағдай жасалған ауруханаларда бар науқас емделіп жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Министрлік ондағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отыр. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі арқылы да көмек көрсетіледі. Босанатын әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі", - деді Ғиният.
Осы күндері суық өтіп салқын тиген адам болмапты. Қала тұрғындарына барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп сендірді ведомство басшысы.