Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Midjourney нейрожелісі
ERNUR.KZ. Екібастұз тұрғыны бейтаныс біреудің оның шотынан шамамен 13 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Павлодар облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделген. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болды, олардың барлығын тергеуші жауап алған.
"Нәтижесінде жас әйел анықталды, ол зейнеткердің "Каспи" мобильді қосымшасындағы шотына кіріп, ақшаны жымқырған. Әйел ұрлығы ашылып, оны тауып алады деп ойламағанын мойынады", - делінген полиция хабарламасында.
Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.