Екінші АЭС бойынша референдум өте ме – министр жауап берді

0
236

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды.


Екінші АЭС бойынша референдум өте ме – министр жауап берді

фото:Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясы бойынша референдум өткізуге қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды.
Энергетика министрінің айтуынша, екінші атом электр станциясын салу үшін жалпыхалықтық референдум өткізудің қажеті жоқ.
"Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Заңнамаға сәйкес, аталған станция үкіметтің шешімі бойынша салынатын болады", - деді Сәтқалиев.
Осы орайда министр Балқаштың маңайында салынатын АЭС-ты салу шараларына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде барлық вендормен келіссөздер жүргізілді. Енді арнайы комиссия өз жұмысына кіріседі. Мамандар АЭС салатын компанияларды анықтайды.
"Қазір талқыланып жатқан елдердің бәрі консорциумға енуі мүмкін", - деп атап көрсетті Сәтқалиев.