Экология министрі Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растады

0
620

Министр бұл туралы қызметке кірген кезде құжаттарда көрсетілгенін айтады.


Экология министрі Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растады

ERNUR.KZ. Мәжіліс кулуарында экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова әкесінің сотты болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Тарап жатқан ақпараттың көбі шындыққа жанаспайды. Әкемге қатысты, иә, іс болды, соттылығы өтелді. Мен бұл деректі жасырмадым. Мемлекеттік қызметке кірген кезде құжаттарда мұны көрсеттім", - деп жауап берді шенеунік журналистердің сұрағына.