ЭКОЛОГИЯ және ЭНЕРГИЯ: Ақмола облысында тиімді жұмыстар көбейіп келеді

0
497


ЭКОЛОГИЯ және ЭНЕРГИЯ: Ақмола облысында тиімді жұмыстар көбейіп келеді

Ақмола өңірінде қоршаған ортнаы қорғау, атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды азайту және экологиялық проблемаларды шешу мақсатында өткен жылдан бері елеулі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар 2024 жылы да жалғасын таппақ. Осыған орай өңірдегі жаңалықтарға шолу жасап, біршама мәліметке қанық болдық.


Әсіресе, ақмолалық жастардың жаңа ғылымға деген ынтасы көңілге қуаныш сыйлайды. Мәселен, Макинск шахарындағы мектептердің бірінде оқитын Құрманбек есімді оқушы былтыр сутегі элементін алуға мүмкіндік беретін электролизердердің үлгісін ойлап тапқан. Ал, химиялық қосылыстарды бөлуге арналған бұл зат қазіргі таңда өнеркәсіп саласында кеңінен қолданылады. Оның айтуынша, суға арналған электролиз бастапқы күйдегі затты оттегі және сутегі етіп екіге бөледі. Алғашқысыауаға таралса, екіншісі жаңа отын түрі ретінде қолданылады. Бұл тұрғыда, әлем ғалымдарының «сутегі – баламалы отын, келешектің таптырмас отыны» деген пікірлерін негізге алсақ та артық болмас. Құрманбектің айтуынша, бұл өнертабысты іске асырудың маңызы өте зор. Себебі, сутегіні отын ретінде көп өндіру арқылы қоршаған ортаның тазалық деңгейін көтеруге болады екен. Өз кезегінде бұл оқушының жаңалығы жоғары деңгейдегі байқауда жылу энергетикасы және баламалы отын дайындау бағыты бойынша үздік болған.

Ал, өңірге қарасты Шортанды елді мекенінің оқушысы Айгерім Анесий тұрмыстық қалдық ретінде тасталған шыны заттардан жылыжай үлгісін жасап шыққан. Тіпті, аталған тақырып қатысты ғылыми жоба да әзірлепті. Мұндағы мақсат – қатты тұрмыстық қалдықты қолдана отырып, жылыжайдан өнім шығарудың шығынын азайту. Айтса, айтқандай-ақ, жас жеткіншек шығынсыз құрылған нысанда кез келген көкністі денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян тигізбестен өсіруге мүмкіндік бар екенін анықтаған.

Сондай-ақ, өткен жылдың соңында өңірде екі бірдей қоқыс полигоны салынатыны мәлім болды. Олар Щучинск және Көкшетау қалалары аумағында бой көтермек. Сонымен қатар, Зеренді ауданында аумағы 60 гектарды құрайтын, жылына 200 мың тонна қалдық өңдейтін полигон құрылысы жүргізіледі. Облысқа қарасты Қосшы, Ақкөл, Аршалы мен Қорғалжын елді мекендерінде де жаңа қоқыс алаңдарын салу үшін қажетті жұмыстар атқарылып жатыр екен. Өз кезегінде, өңір басшылығы аталған нысандардың құрылысы жіті бақылауда болатынын айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі тұрмыстық қалдықтарды өңдеу деңгейі төмен екендігін жеткізіп, өңдеу үрдісінің әлсіздігі қоршаған ортаға едәуір зиян тигізіп жатқандығын, тіпті ауыл тұрғындарын ауруға шалқытырып жатқандығын көтерген еді. Айта кетсек, бұған дейін ел Үкіметі елу мыңнан астам адамның жайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында тұрмыстық қалдықтар алаңдарын салу жайлы шешім қабылдаған. Оған қоса, ендігі кезекте өңір басшылығы тұрғындар арасында қоқыс шығару мәдениетін қалыптастыруға күш салып, заңғабағынбағандарды жауапқа тарту жұмыстарын мықтап қолға алмақ.


Өткен жылдың соңынад облысқа қарасты Қараөткел елді мекенінде гофркартоннан қағаз қаптамасын жасау ісі жұмысын бастады. Түгелдей заманауи техникамен жабдықталған өндіріс орнының құны үш жүз миллион теңгеден асады. Мұнда бір минутта жүз елу дана өнім шығарылады екен. Ең бастысы стандартты немесе күрделі болып бөлінетін бұл өнім экологиялық тұрғыдан таза. Аталған тауар дәрі-дәрмек өндірісі мен тағам өнеркәсібінде қолданылады екен.

Биылғы жылдың басында өңірге қарасты аудан – Бурабайға экология және табиғи ресурстар вице-министрі, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі және өңір басшысының орынбасары барып, айрықша қорғауға алынған табиғи аймақтарға қатысты мәселелер қаралған еді. Атап айтсақ, қорғалатын аймақтарға кіру жарнасына қатысты проблема қозғалған. Сонымен қатар, аудандағы халықтың қажеттіліктері, туризм және кәсіпкерлік саласындағы түткілдер тарқатылған.


Сондай-ақ, қаңтар айында облыс әкімі «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетауда салынатын жылу электр орталығы жобасын іске асыру мәселесін сөз етті. Атап айтсақ, жобаның экономикалы және техникалық негізі, қала халқына жылу жеткізу жүйесін реттеу, жылу тапшылығын жою тақырыптарына басымдық берілді. Одан бөлек, бұл жобаның қала үшін экологиялық тұрғыдан да өзекті екендігін атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша, бұл жоба іске асырылса, халықты ыстық сумен қамтамасыз етуге де, электр күшін үнемдеуге де ықпал етпек.

Ақпан айында, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаве пен бірнеше сенат өкілі өңірге табан тіреп, маңызды жиындар өткізген болатын. Сол кездесулерде сенат спикері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмаларды орындау жолдарын талқыға салып, ел экономикасын өркендетуге Ақмола облысы сүбелі үлес қосып жатқанын айтқан. Сондай-ақ, өңірдегі қордаланған мәселелерді де ұмыт қалдырмай, соның ішінде Бурабай мен Щучинсктегі экологиялық проблемаларды тілге тиек етті. Тиісінше, Сенат өкілдері ел игілігі үшін көптеген жұмыстарды жүзеге асыруға ықпал ететінін мәлім етті.

Сөз реті келгенде өңірге қарасты Ақкөл, Зеренді, Бурабай сынды аудандарда экологиялық туризм қарқынды дамып жатқанын айта кеткен жөн. Себебі, бұл аудандар туризмге қатысты барлық тұрғыдан жоғары әлеуетке ие болып саналады. Осы ретте аймақ басшысы аудандардың әрқайсысында салынып жатқан нысандарды, қызмет көрсетіп жатқан туристік орындарды көріп, туристерді тартудан бөлек, экологиялық проблемалар да талқыланды.


Ақмола облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары 9 жаңа орман патрульдік кешендерін алды. Ақмола облысы орман шаруашылығы үшін Mitsubishi базасындағы орман патрульдік кешендерін алғашқы болып сатып алды.


Ақмола өңірінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы да өз дәрежесінде жүргізіліп келеді. Мәселен, көктемнің соңғы күндерінде өткізілген экологиялық науқанға жанашыр жастар, табиғатты сүйетін тұрғындар, кәсіпкерлер мен ұжымдар, жалпы 60 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың арасында өңір басшысы Марат Ахметжанов та болдып, ағаш отырғызуға атсалысты. Ал, акцияға үлес қосқан алғаш рет ата-ана болғандар балаларымен бірге саябаққа ағаш отырғызды. Бір ғана Көкшетау қаласында сегіз мыңға тарта адам тазалық жұмыстарына қатысып, 3500 текше метр қалдық тазаланған. Мамыр айында бұл облыста «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі жалғасын тауып, 18 мыңға жуық түлек табиғатты қорғауға үлес қосты.


Маусым айының басында өңірдегі орман шаруашылықтары тоғыз жаңа патрульдік кешендерге ие болды. Ол көліктер кез келген жерден қиналмай өтіп, өртті де сөндіре алады. Салонына 5 адам сиятын техниканы атып алу үшін өңір бюджетінен қаражат қаралған. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға дәл осы орманшылардың қосып жатқан үлесі мол. Жалпы, бүгінде Ақмола облысында он үш орман шаруашылығында бес жүзге тарта орманшы қызмет етіп жатыр. Алдағы уақытта орман көлемі ұлғая түспек. Дәлірек айтсақ, Президент тапсырмасына сәйкес өңірде қырық миллионға тарта көшет және 6000 гектардан астам алқапқа жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ.


Жалпы, бүгінгі таңда Ақмола облысында даму динамикасы байқалып отыр. Дегенмен, тиімді энергия саясатына сәйкес көптеген жұмыстармен қатар, шешімін күткен экологиялық проблемалар да баршылық. Сондықтан өңір басшылығы осы бағытты да күн тәртібіне қойған.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ