Вьетнамда су тасқынынан 90 адам қаза тапты

0
47

Даклак және Кханьхоа провинцияларының жекелеген аудандарында су деңгейі әлі де жоғары.


Вьетнамда су тасқынынан 90 адам қаза тапты

Фото: AFP/Getty Images
ERNUR.KZ. Вьетнамның орталық аймақтарында толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болды. Салдарынан 90 адам қаза тауып, тағы 12 адам жоғалып кеткендердің қатарында, деп жазады Stan.kz.




“Су тасқыны үдеп, шегіне жеткенде 1 154-тен астам үй зақымданып, шамамен 186 000 тұрғын үй су астында қалған. Бұдан бөлек, кемінде 80 000 гектарға жуық күріш алқаптары мен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шекті”, – деп мәлімдеді елдің ауыл шаруашылығы және қоршаған орта министрлігі.

Даклак және Кханьхоа провинцияларының жекелеген аудандарында су деңгейі әлі де жоғары. Елдімекенде жолдар мен көпірлер қирап, жүздеген отбасы оқшауланып қалды. Басқа өңірлерде су біртіндеп қайтып жатыр. Билік өкілдері бәрін қалпына келтіріп, залалды жою және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұлттық гидрометеорологиялық болжау орталығының ақпаратына сәйкес, 25 қарашадан бастап жауын-шашынның біртіндеп азаяды.

“Премьер-министр Фам Минь Тьинь Йоханнесбургте өтіп жатқан G20 келіссөздері кезінде орталық провинцияларда жүргізіліп жатқан төтенше шаралар мен қалпына келтіру жұмыстарын бағалау және үйлестіру үшін министрліктер мен жергілікті билік органдарымен жедел виртуалды кеңес өткізді”, – деп мәлімдеді үкіметтің ресми сайты.

Үкіметтің мәліметінше, келтірілген залалдың алдын ала бағасы кемінде 9 трлн донгты (шамамен 340 млн доллар) құрайды. Биыл Вьетнамда 14 мәрте дауыл соқты..