Silk Way Star жобасы мәресіне жетті

0
107

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасында Silk Way Star жобасы бойынша арнайы меморандумға қол қойылды.


Silk Way Star жобасы мәресіне жетті

ERNUR.KZ. Бұл жобаның басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы елдердің мәдениетін байланыстыру және дамыту. Алғаш рет эфирге бағдарлама қыркүйектің 20-сында шықты. Ол 10 бөлімнен тұратын 12 елдің орындаушыларын біріктірген Азиядағы алғашқы ірі жоба. Бұл туралы «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, жобаны шет мемлекеттердегі көрермендер де тамашалай алды.

«Silk Way Star жобасы Қырғызстанның 2 бірдей телеарнасынан, Әзербайжан мен Моңғолияның 2 телеарнасынан, Өзбекстан, Армения мен Грузия телеарналарынан көрсетілді. Яғни бұл біздің қазақстандық телеөнімнің шетелдің нарығына шыға алатынын және шетелдің нарығында тікелей эфирде таратыла алатын қабілетке ие дегенді білдіреді. Тікелей эфирдің өзі 5 бірдей мемлекетке таратылды», – деді спикер.

Айта кетерлігі, жоба «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасында 6 тілде ұсынылды. Бағдарламаны синхронды аударма арқылы қырғыз, өзбек, ағылшын, түрік тілдерінде тамашалауға мүмкіндік болды. Жоба қорытындысы бойынша Моңғолиядан келген Мишель Джозеф жеңімпаз атанды.

Финалдағы орындар 50% – көрермендер дауысы, 50% – қазылар алқасының бағасы бойынша анықталды. Ұйымдастырушылар көрермендердің дауыс беру нәтижелері мен халықаралық қазылар алқасының бағаларының жиынтық деректерін ұсынды. Дауыс беруге түрлі елден 508 287 адам қатысты. Бұл көрсеткіш өңірдегі вокалдық тележобалар үшін ең жоғары нәтижелердің бірі болып, конкурстың кең халықаралық қызығушылық тудырғанын дәлелдеді. 112 мың көрермен өз дауысын Мишель Джозефке берген. 2-орын алған өзбекстандық Мадинабону Адыловаға 85 мыңнан астам дауыс тиесілі. Ал, қытайлық қатысушы Чжан Хэ Сюань 73 мыңнан астам дауыс жинады.

Келер жылы Silk Way Star жобасы Қытай елінде ұйымдастырылады.