ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді

0
668

Ұйым байқаушылары баспасөз мәслихатын өткізді.


ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегі бюросының байқаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек сайлауға қатысты пікір білдірді.

«Біз қазан айының ортасынан бастап тұрақты сарапшылармен бірге жұмыс істей бастадық. Кейін бізге ұзақмерзімді байқаушылар қосылды. Сайлау күні елдің әрбір өңірінде 300-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Жалпы сайлау тек бір күнмен шектелмейді. Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы тиімді өткізілді. Алдағы уақытта ел дамуына қажетті реформалар өткізіліп, тиісті заңнама мен оны жүзеге асырудағы жасампаздық плюрализмді қамтамасыз ету бойынша ЕҚЫҰ талаптары үдесінен шыға түсетініне сенімдіміз», - деді Урсула Гачек.