Ел өңірлеріндегі базарларды жаңғырту жұмыстары қолға алынды

0
225


Ел өңірлеріндегі базарларды жаңғырту жұмыстары қолға алынды

фото: ortcom.kz.

ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ брифингінде еліміздің сауда базарларын модернизациялау жұмысына тоқталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның хабарлауынша, өзектендірілген 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес Қазақстанда 115 базарды жаңғырту жоспарланған.

Биыл 16 базарда жаңғырту жұмыстары аяқталуға тиіс. Қалған 99-ы келесі жылы ретке келтіріледі. 16 базардың алтауы Алматы, үшеуі Шымкент қаласында орналасқан.

«Базарларды жаңғыртуды жүргізіп жатқан, жүргіземін дегендер мемлекеттік қолдауды ала алады. Жалпы 10,75%-ын мемлекет субсидиялап береді, қалған банктің пайыздық ставкасын өзі төлейді кәсіпкер», – деді спикер.