Ел тұрғындарының тағы бір дерегі мемлекеттік органға берілетін болды

0
112

Тиісті заңды Сенат екі оқылымда мақұлдаған.


Ел тұрғындарының тағы бір дерегі мемлекеттік органға берілетін болды

фото: ult.kz

ERNUR.KZ. Осылайша, Қазақстанда ұялы байланыс операторлары ел азаматтары туралы иесі көрсетілмеген деректерді статистика саласындағы мамандарға жолдамақ, деп жазады inbusiness.kz.

Халық қалаулылары мемлекеттік статистика саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді қараған. Құжат байланыс туралы заңға ұялы байланыс операторларын статистиканы қалыптастыру үшін абоненттер туралы деректерді беруге міндеттейтін түзетуді де қамтыды.

Ұлттық статистика бюросының өкілі абоненттер туралы деректер халықтың қозғалысын, көші-қон және туристік ағындарды талдау үшін қажет екенін айтады. Оған сенатор Алтынбек Нұхұлы "Неліктен сіз байланыс операторлары арқылы абоненттер туралы деректер жинау қажет деп есептейсіз?" деп сұрақ қойды.

Өз кезегінде Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев соңғы екі жылда Қазақстанның ұялы байланыс операторларымен тығыз ынтымақтастықта зерттеліп жатқанын еске салды.

– Былтыр бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Астанаға іштен 294 мың турист келді. Ал байланыс операторларының деректері бойынша олардың саны 542 мыңды құраған. Сондықтан, байланыс операторларының мәліметтері дәл және біз осындай мәліметтерді алу қажет деп есептейміз, – деп айта кетті ол.

Ескерте кететін жайт, әзірлеушілер қазақстандықтардың дербес деректерін қорғауға уәде беріп отыр.