Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттары бойынша дамуының жоғары қарқынын атап өтті.