Тұңғыш президент Кенжеғали Сағадиевтің ұзақ жылғы жауапты қызметі мен Отанымызды өркендетіп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етудегі ерен еңбегін атап өтті.
Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев К.Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.
«Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.