Шара 11 қараша, сәрсенбі күні өтеді.
Ассамблея кеңесінің отырысын өтетінін Елбасының баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Бүгін бейнебайланыс форматында Қазақстанның тұңғыш президенті төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді", - деп жазды ол Twitter-де.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Елбасы ассамблеяға өмір бойына төрағалық ету құқығына ие.