Осы уақытқа дейін "Нұрбанктің" қожайыны Эльдардың әкесі – Рашит Сәрсенов болып келген.
ERNUR.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысымен Эльдар Сәрсеновке "Нұрбанк" АҚ-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру мақұлданды, деп жазады zakon.kz.
Бұл мәртебе "JP Finance Group" ЖШС-дегі 100% қатысу үлесін иеленуге және тиісінше Банктің жарияланған акциялары (артықшылық берілген және сатып аланған акцияларды шегергенде) санының және (немесе) дауыс беретін акциялары санының 87,87%-ын жанама иеленуге құқық береді.
Эльдар Сәрсенов "JP Finance Group" ЖШС-дегі қатысу үлесін нақты иеленген және тиісінше Банктің жанама ірі қатысушысы мәртебесін иеленген сәттен бастап Эльдар Сәрсенов "Нұрбанк" АҚ-тың Басқарма Төрағасы қызметінен кетуі тиіс.
Осы уақытқа дейін "Нұрбанктің" қожайыны Эльдардың әкесі – Рашит Сәрсенов болып келген, дейді vlast.kz.
Ол кісі "Нұрбанктен" бөлек мұнай секторында, металлургия мен ритейлде ірі активтерді бақылайды. Оның иелігінде су мен шарап шығаратын компаниялары, Каспийде қонақ үйі бар. Forbes Kazakhstan Рашит Сәрсеновтың байлығын 810 млн долларға бағалайды.
2021 жылғы қыркүйекте S&P Global Ratings халықаралық агенттігі "Нұрбанктің" ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін "В-/В" деңгейінде және банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингін "kzBB-" деңгейінде растады. Болжам – "Тұрақты". S&P Global Ratings сарапшылары атап өткендей, шешім мемлекет пен меншік иесінің тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында Банк активтері сапасының біртіндеп жақсаруына негізделген. Бұл болжам S&P Global Ratings-тің Банк активтердің сапасын біртіндеп жақсарта алады және бизнестің жоспарланған түрде дамуы үшін жеткілікті көлемдегі капитал қорлары болады деген үмітін көрсетеді. Рейтинг агенттігі Банк тұрақты қорландыру профилін және өтімділіктің жеткілікті қорын сақтай алады деп күтеді.