Елде құрылыс материалдарына сұраныс өте жоғары – Асқар Мамин

0
592

Асқар Мамин саладағы жалпы бақылау шараларын орынбасары Роман Склярға жүктеді.


Елде құрылыс материалдарына сұраныс өте жоғары – Асқар Мамин

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі «Қарапайым заттар экономикасы» бағытында тапсырмалар берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елде құрылыс материалдарына сұраныс өте жоғары. Осыған байланысты «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы аясында қазіргі кезде отандық құрылыс индустриясы бойынша 178 млрд теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып жатыр (шыны, арматура, санфаянс, керамика тақташа, лак бояуын шығару). Оларды іске қосу тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті 95 пайызға арттыруға және 8 мыңдай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді А. Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуын талқылау кезінде.

Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс индустриясы жобаларының уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуді және отандық жаңа өндірістерді құру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Осы орайда Асқар Мамин саладағы жалпы бақылау шараларын орынбасары Роман Склярға жүктеді.