ERNUR.KZ. Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті, деп жазады sputnik.kz.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Тұжырымдаманы іске асыру экология туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.