Елдегі банкроттар тізіміндегі ең үлкен қарыз белгілі болды

0
336

Елімізде 18 мыңдай адам банкрот деп жарияланған.


Елдегі банкроттар тізіміндегі ең үлкен қарыз белгілі болды

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. Қарыз көлемі 40 миллиард теңгеден көп, деп жазады inbusiness.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов бірқатар сұраққа жауап беріп, Қазақстандағы банкроттар тізіміндегі ең үлкен қарыздың соммасын айтты.

"Қарыз сомасы бойынша шектеулер жоқ. Бізде орташа сома бірнеше мың теңгеден 2 миллиард теңгеге дейін жетеді, бұл – ең үлкен сома", - деді ол.

Жалпы, елімізде 18 мыңға жуық азаматтың банкрот болғаны белгілі. Қарыздың жалпы сомасы – 40,9 миллиард теңге.

БАҚ өкілдері "аталған 40,9 миллиардқа заңға бағынатын қарыз алушылар да пайыз түрінде жата ма?" деп сұрады.

"Менің ойымша, барлық қаржы ұйымы несие беру кезінде белгілі бір тәуекелдерге ұшырайды. Олар қаржы ұйымдарымен жабылады және бұл халыққа ешқандай әсер етпейді", - деп сөзін жалғады ол.