Елдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық деңгейге сәйкес келеді - министрлік

0
292

Республикада инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған.


Елдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық деңгейге сәйкес келеді - министрлік

Photo : Рixabay / subarasikiai

ERNUR.KZ. Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық деңгейге сәйкес келеді, деп жазады sputnik.kz.
Соңғы аптада жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттану жағдайларының саны 6,8%-ға азайған. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмен.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 жағдайы тіркелген. Эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы 1 453 967 жағдай анықталған.
"Республикадағы эпидемиологиялық жағдай күзгі кезеңге тән маусымдық деңгейге сәйкес келеді. Мамандар респираторлық вирустардың таралуы мен сырқаттанушылық деңгейіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы Қазақстанда тұмауға қарсы 2 миллионнан астам адам вакцинациялаудан өтті. Ал республикада инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта олардың 63%-ы, оның ішінде балаларға арналған төсек-орындардың 69,4%-ы қамтылған.