Елдос Сметов Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы құрамынан шығып қалды

0
121

Бакудегі турнирде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов қорғайды.


Елдос Сметов Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы құрамынан шығып қалды

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ERNUR.KZ. Дзюдодан Олимпиада чемпионы, қазақстандық Елдос Сметов қазанда Әзірбайжанда өтетін Ілем чемпионатына қатыспайды, деп жазады tengrisport.kz.

Бакудегі турнирде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов қорғайды. Ал Азия ойындарына осы салмақта Елдос Сметов аттанады.

Айта кетейік, Әлем чемпионатына қатысатын құрам көптеген салмақ дәрежесі бойынша Азияда құрамынан өзгеше, бірақ ерекшеліктер де бар. Қазақстандық атақты дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарына да, Әлем чемпионатына да қатысады. 63 келіге дейінгі салмақтағы Эсмигүл Куюловаға қатысты да жағдай осындай.

Еске сала кетейік, Азия ойындары аясында дзюдо жарысы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Ал Әлем чемпионаты 4 қазанда басталып, 11-іне дейін жалғасады.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын құрамы

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов;
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов;
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин;
  • 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар;
  • 90 келіге дейін: Данил Крылов.

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
  • 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова;
  • 78 келіге дейін: Аруна Жангелдина;
  • 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш.

Елдос Сметов Олимпиадағы жеңісінен екі жыл өткен соң құрамаға оралды

Еске сала кетейік, қазақстандық Елдос Сметов Олимпиада ойындарында қатарынан үш рет жүлдегер атанды: 2016 жылы күміс, 2021 жылы қола және 2024 жылы алтын. Сметовтің Париждегі жеңісі Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын болды.

Париж Олимпиадасынан кейін чемпион үзіліс алды: алдымен ағылшын тілін үйренуге кетті, содан кейін бұрыннан мазалап жүрген жарақаттарына байланысты бірнеше ота жасатты.

Сметов үшін үзілістен кейінгі алғашқы турнир 2026 жылғы маусымда өткен Қытайдағы Гран-при болды. Ол жарысты екі жеңіспен бастағанымен, қорытындысында бесінші орынға табан тіреді.