Елімізде алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді

0
839

Өткен тәулікте 123 адам дерттен айығып шыққан.


Елімізде алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді

Бүгін елімізде пандемия басталғалы алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жедел штабтың мәліметінше, өткен тәулікте 123 адам дерттен айығып шыққан.

Ал, өткен тәулікте елімізде 154 адам коронавирус індетімен тіркелген болатын.

Еске салайық, Қазақстанда 5571 адам COVID-19 жұқтырып, оның 2531-і жазылып шықты. Ал, дерттен көз жұмғандар саны - 32.