Жаңа тәсілмен 50-ден астам науқас емделіп шықты және технологияның артықшылығы көп.
ERNUR.KZ. Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен бүйрекке операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, бұрын қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың бүйрегін толық алып тастауға тура келетін,деп жазады 24.kz.
Ал қазір роботтық технологияның көмегімен бүйректі сақтап, тек зақымданған бөлікке операция жасалады. Бүгінгі таңда жаңа тәсілмен 50-ден астам науқас емделіп шықты. Жаңа технологияның артықшылығы көп. Операция кезінде науқастардың өзге дене мүшелерін зақымдануы азайып, тез қалпына келеді. Робот урология, жалпы хирургия және гинекология салалырында қолданылады. Жеңіл операциядан бастаған мамандар, ай сайын күрделі емдеу тәсілдерін меңгеруде. Биыл емханада арнайы оқу орталығын ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, роботпен операция жасауды үйрететін оқу орталықтары әлемде АҚШ пен Италияда ғана бар.
Ерлан Еңсебаев, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының бөлім меңгерушісі:
- Қазір сондай операцияларды көбейтеміз ба деп ойлаймыз. Біздің елге, біздің халқымызға бұл қолжетімді операциялар. Алдында барлығына белгілі болғандай ондай аурулар медициналық туризм саласымен Кореяға кететін, Израильге кететін, Еуропаға баратын. Менің ойымша, қазіргі роботохирургия осылай өсе беретін болса біздің аурулар өз елінде, өз жерінде осындай көмек алуға мүмкіндігі бар.