Синоптиктер 6-8 қыркүйек аралығында ауа райы қалай болатынын айтты.
ERNUR.KZ. Синоптиктер 6-8 қыркүйек аралығында ауа райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтар Қазақстанның солтүстік бөлігінде жоғары циклон қалыптаса бастағанын айтты. Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы осы циклонға тікелей байланысты болмақ.
«Жауын-шашынсыз бірнеше күннен кейін алдымен еліміздің солтүстік, одан кейін орталық, шығыс бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. 8 қыркүйек күні жауын соңы қарға ұласуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде күн ашық болады.