Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады.
ERNUR.KZ. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын сапалы әрі толық орындамайтынына қатысты шағымдар көп. Осы мәселелерді шешу үшін арнайы цифрлық платформаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, бұл платформа арқылы тараптар өз кабинетіне кіріп, барлық өнер туындының қайда орындалып жатқанын, қанша төлемақы тиесілі екенін және жыл соңында қанша қаражат алатынын онлайн режимде бақылып, көріп отырады.
«Зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты айтар болсақ аумақтық әділет органдары жарты жылда 152 акт шығарды. Тексерулер нәтижесінде 138 заң бұзушылық анықталды. ӘҚБтК-нің 156-бабы бойынша 142 іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 78 711 контрафактілік өнім тәркіленді. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады», – деді спикер.