Премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне басқа да құзырлы органдармен бірлесіп тұтынушылардың құқығын қорғау шараларын қатаңдату керектігін баса айтты.
Фото: Үкімет
ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Олжас Бектенов сауда саласын цифрландыру бойынша нақты шараларды әзірлеуді тапсырды, деп жазады inform.kz.
- Қазақстандағы бүкіл сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеу керек, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Сонымен қатар Премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне басқа да құзырлы органдармен бірлесіп тұтынушылардың құқығын қорғау шараларын қатаңдату керектігін баса айтты.
- Әділет министрлігі және Цифрлық даму, иннфовациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеуі тиіс. Бұл жұмысты тауардың сапасына, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізу керек, - дейді ол.
Бұған дейін Олжас Бектенов маркетплейстердегі тауарлардың сапасына қатысты сұрақтың көптігін айтқан еді.