Елімізде екі әуе компаниясының сертификаттары қайтарып алынды

0
845

Әуежайларға 15 инспекциялық тексеру, 20 сертификациялау жүргізілген.


Елімізде екі әуе компаниясының сертификаттары қайтарып алынды

ERNUR.KZ. Қазақстанда BekAir және Sigma Airlines әуе компанияларының сертификаттары қайтарып алынды, деп жазады nur.kz.

Авиациялық әкімшілік әуе кемелеріне 240 инспекциялық тексеру жүргізіліп, 79 азаматтық әуе кемелеріне мемлекеттік тіркеу куәлігі берілген, ұшуға жарамдылық туралы 145 сертификат, 17 авиациялық техникаға техникалық қызмет көресету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты берілді.

Әуежайларға 15 инспекциялық тексеру, 20 сертификациялау жүргізілген. Авиация персоналына куәлік беру бойынша 2638 мемлекеттік қызмет, авиациялық оқу орталықтарына 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар 3 авиациялық оқу орталығының қызметі тоқтатылып отыр. Олар: Bek Air, Ultuga және Sky School.


"2020 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Қазақстан Азаматтық авиацияда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылды. Сондай-ақ, Қазақстан Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесінің (CORSIA) мүшесі болды", - деп жазылған Азаматтық авиация комитетінің Telegram каналында.