Жаңа Атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданына салынады.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі елде екінші атом электр станциясын салу туралы шешімді бекітті, деп жазады stan.kz.
Жаңа Атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданына салынады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
“Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ядролық қондырғы салынатын аумақта “Екінші атом электр станциясы” ядролық қондырғысын салу туралы шешім қабылдансын”, – делінген Үкімет қаулысының мәтінінде.
Аталған жобаны жүзеге асыру елдің оңтүстігіндегі электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттырып, электр энергиясын өндіру көздерін әртараптандыруға бағытталған.
Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынатынын айтқан болатын.


